Кабо-Верде қақпашысы әлем чемпионатының үздік құрамына енді
Статистикалық Opta платформасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі қорытындысы бойынша символикалық құраманы жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Үздік қақпашы ретінде Кабо-Верде құрамасының 40 жастағы қақпашысы Возинья таңдалды. Ол топтық кезеңде турнир фавориттерінің бірі Испаниямен өткен кездесуде қақпасына гол жібермей, матчтың үздік ойыншысы атанған еді. Осы ойыннан кейін қақпашының әлеуметтік желідегі парақшасына 17 миллионнан астам адам жазылған.
Символикалық құрамға Аргентина капитаны Лионель Месси мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе де енді.
Сондай-ақ үздік құрамға қорғаушылар Марвен Сеная (Гана), Пау Кубарси (Испания), Диней Боржеш (Кабо-Верде), Кейто Накамура (Жапония), жартылай қорғаушылар Уэстон Маккенни (АҚШ), Педро Вите (Эквадор), шабуылшылар Винисиус (Бразилия) пен Эрлинг Холанд (Норвегия) кірді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта әлем чемпионатында плей-офф кезеңінің матчтары өтіп жатыр. Турнир 19 шілдеде аяқталады.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған