Испанияда әлем чемпиондығын тойлау кезінде 13 жастағы жасөспірім қаза тапты
Испания құрамасының 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатындағы жеңісін тойлау кезінде қайғылы оқиға болып, 13 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп жазады malimsports.kz.
Оқиға Испанияның Сьюдад-Родриго қаласының орталық алаңында болған. Жергілікті биліктің мәліметінше, жеңісті атап өтіп жүрген жастардың бір тобы субұрқақтың үстіне шыққан. Сол сәтте субұрқақтың бір бөлігі опырылып құлап, тас сынықтарының бірі жасөспірімнің үстіне түскен.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетуге тырысқанымен, жасөспірім алған ауыр жарақатынан көз жұмды.
Сонымен қатар, тағы үш адам ауыр жарақат алғаны хабарланды. Олардың жағдайы дәрігерлердің бақылауында.
Еске салайық, Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанған болатын.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған