Мәзір
ӘЧ-2026

Испания құрамасы қатарынан 37 матчта жеңілмей, Италияның тарихи рекордын қайталады

Сабина Асқарқызы 32 қаралым
Испания құрамасы қатарынан 37 матчта жеңілмей, Италияның тарихи рекордын қайталады

Испания құрамасы ресми матчтардағы ең ұзақ жеңіліссіз серия бойынша Италияның тарихи рекордын қайталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Францияны 2:0 есебімен жеңгеннен кейін испаниялықтардың жеңіліссіз сериясы 37 матчқа жетті.

Испания соңғы рет 2024 жылдың 22 наурызында жолдастық кездесуде Колумбияға 0:1 есебімен жол берген болатын. Содан бері команда бірде-бір ресми матчта жеңілген жоқ.

Осылайша, Испания 2018-2021 жылдар аралығында қатарынан 37 ресми кездесуде жеңілмеген Италия құрамасының рекордына теңесті.

Енді Луис де ла Фуэнте шәкірттері әлем чемпионатының финалында Англия мен Аргентина арасындағы екінші жартылай финалдың жеңімпазымен кездеседі. Финал 20 шілдеге қараған түні Нью-Йоркте өтеді.

Айта кетейік, Испания құрамасы әлем чемпионатын бір рет – 2010 жылы жеңіп алған. Сондай-ақ испаниялықтар Еуропа чемпионатында төрт мәрте (1964, 2008, 2012 және 2024 жылдары) топ жарған.

 

Фото: David Ramos / Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар