457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Испания, Бельгия және Уругвай: әлем чемпионатының бесінші ойын күнінің кестесі

15 маусымнан 16 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі бесінші ойын күні өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл күні жанкүйерлерді Еуропа мен Оңтүстік Американың танымал құрамалары қатысатын төрт кездесу күтеді.

21:00 – Испания – Кабо-Верде (H тобы)

Күн бағдарламасын қазіргі Еуропа чемпионы Испания құрамасы бастайды. Луис де ла Фуэнте шәкірттері әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуін Кабо-Вердеге қарсы өткізеді.

00:00 – Бельгия – Мысыр (G тобы)

Түнгі алғашқы матчта Бельгия құрамасы Мысырмен кездеседі. Екі команда да топтық кезеңді сәтті бастап, плей-офф жолындағы маңызды ұпайларды иеленуді көздейді.

03:00 – Сауд Арабиясы – Уругвай (H тобы)

Бесінші ойын күніндегі орталық матчтардың бірі – Сауд Арабиясы мен екі дүркін әлем чемпионы Уругвай құрамалары арасындағы текетірес болмақ.

06:00 – Иран – Жаңа Зеландия (G тобы)

Ойын күні Иран мен Жаңа Зеландия құрамаларының матчымен аяқталады. Екі құрама да турнирдегі алғашқы ұпайларын алуға тырысады.

Еске салайық, 2026 жылғы әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады. Биылғы мундиаль тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтіп жатыр.

 

Фото: ©Depositphotos/mrogowski_photography