Мәзір
ӘЧ-2026

Испания әлем чемпионатында ірі жеңіске жетті

Сабина Асқарқызы 81 қаралым
Испания әлем чемпионатында ірі жеңіске жетті

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Испания құрамасы Сауд Арабиясын 4:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Матчтың 10-минутында Ламин Ямаль есеп ашса, Микель Оярсабаль 21 және 24-минуттарда дубль авторы атанды. Төртінші голды 49-минутта саудиялық қорғаушы Хассан Әл-Тамбакти өз қақпасына соқты.

Осылайша, Испания құрамасы әлем чемпионаттарындағы ең ірі жеңістерінің бірін тіркеді. Сондай-ақ Ламин Ямаль әлем чемпионатында гол соққан ең жас ойыншылардың бірі атанды.

Екі турдан кейін Испания құрамасы H тобында 4 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар