457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Инфантино әлем чемпионатындағы су ішу үзілістеріне қатысты пікір білдірді

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында енгізілген міндетті су ішу үзілістері коммерциялық мақсатты көздемейді, деп хабарлайды malimsports.kz.

Бұл туралы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино мәлімдеді.

ФИФА басшысының айтуынша, турнир барысында енгізілген үш минуттық үзілістер жарнамадан қосымша табыс табу үшін емес, ең алдымен футболшылардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Бұл шешімнің қаржылық пайдасы жоқ. Барлық коммерциялық келісімдер турнир басталғанға дейін жасалған. Сондықтан мұнда ешқандай қосымша табыс туралы сөз болуы мүмкін емес. Біз үшін басты мәселе – спортшылардың жағдайы мен ойынның әділ өтуі, – деді Инфантино.

Биылғы әлем чемпионатында алғаш рет әр таймның шамамен 22-минутында үш минуттық міндетті су ішу үзілісі енгізілді. ФИФА мұны ауа райы жағдайына қарамастан футболшылардың физикалық қалпын сақтап, ағзадағы су теңгерімін қалпына келтіру қажеттілігімен түсіндірді.

Дегенмен бұл жаңашылдыққа қатысты пікірлер әртүрлі. Кейбір мамандар мен жанкүйерлер мұндай үзілістер телетрансляция кезінде жарнама көрсетуге қосымша мүмкіндік беретінін айтып, шешімді сынға алды.

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам мұндай үзілістер ойынның ырғағына әсер етуі мүмкін екенін айтса, Бразилия құрамасының жаттықтырушысы Карло Анчелотти керісінше, осы уақыт аралығында футболшыларға тактикалық нұсқаулар беруге мүмкіндік туатынын жеткізді.

Өз кезегінде Инфантино барлық құраманың бірдей жағдайда ойнауы маңызды екенін атап өтті.

Біз үшін әділдік бірінші орында. Егер бір матчта ауа райына байланысты қосымша мүмкіндік беріліп, ал басқа ойында ондай жағдай жасалмаса, бұл теңдік қағидатына қайшы келеді. Сондықтан барлық командаға ортақ тәртіп қолданылып отыр, – деді ФИФА президенті.

Еске салайық, АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионаты 19 шілдеге дейін жалғасады.

 

Фото: REUTERS/Ли Смит REUTERS - Lee Smith