457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Германия құрамасы Парагвайдан жеңіліп, әлем чемпионатымен қоштасты

Кездесудің негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Германия құрамасы Парагвайға пенальти сериясында есе жіберіп, турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды malimsports.kz

Кездесудің негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Матчтағы алғашқы голды 42-минутта парагвайлық Хулио Энсисо соқса, үзілістен кейін Кай Хаверц есепті теңестірді. Бұл оның биылғы әлем чемпионатындағы үшінші әрі соңғы голы болды.

Қосымша уақыттың соңында Германия қорғаушысы Йонатан Та енгізген гол төреші шешімімен қақпашыға қарсы ереже бұзылды деген себеппен есепке алынбады.

Жеңімпаз матчтан кейінгі пенальти сериясында анықталды. Онда Парагвай құрамасы 4:3 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Ойын АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Фоксборо қаласында орналасқан Boston стадионында өтті.

Айта кетейік, Парагвай Германия үшін әрдайым қолайсыз қарсыластардың бірі саналады. Ал неміс құрамасы бұған дейін де 2018 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарында плей-офф кезеңіне шыға алмаған еді. Осылайша төрт дүркін әлем чемпионы 2026 жылғы мундиальды да ерте аяқтады.

 

Фото: Peter Cziborra/REUTERS