Германия құрамасы әлем чемпионаттары тарихындағы ерекше рекордты жаңартты
Германия құрамасы футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең нәтижелі команда атанып, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Бундестим финалдық кезеңдердегі жалпы гол саны бойынша ұзақ жыл көш бастап келген Бразилияны артта қалдырды.
Тарихи көрсеткіш Е тобындағы алғашқы тур матчынан кейін тіркелді. Германия құрамасы Кюрасаоны 7:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионаттарындағы гол қорын 239-ға жеткізді.
Осылайша Юлиан Нагельсман баптайтын команда бұған дейінгі рекорд иесі Бразилияны басып озды. Оңтүстік америкалықтардың еншісінде қазір 238 гол бар.
Алайда бұл бәсеке әлі аяқталған жоқ. Себебі екі құрама да 2026 жылғы әлем чемпионатында тек алғашқы кездесуін өткізді және турнир барысында көрсеткіш қайта өзгеруі мүмкін.
Фото: instagram.com/dfb_team©
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған