457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Гана құрамасының бас бапкері әлем чемпионатына 48 команданың қатысуын сынға алды

Тәжірибелі маманның сөзінше, іріктеу кезеңінен өте алатын командалар санының артуы әлем чемпионатына жолдаманың құнын арзандатады.

Гана ұлттық құрамасының бас бапкері Карлуш Кейруш 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жаңа форматына қатысты сыни пікір білдірді. Оның айтуынша, турнирге 48 құраманың қатысуы әлем біріншілігінің беделі мен маңызын төмендетуі мүмкін, деп жазады malimsports.kz

Тәжірибелі маманның сөзінше, іріктеу кезеңінен өте алатын командалар санының артуы әлем чемпионатына жолдаманың құнын арзандатады.

Егер әлем чемпионатына тым көп команда қатысатын болса, оның ерекше мәртебесі сақтала ма? Бұл мәселе мені ойландырады. Меніңше, әлем біріншілігіне іріктеу өте күрделі, тартысты әрі жоғары деңгейдегі бәсекеге толы болуы керек. Әлем чемпионаты сирек өтетін, жолдамасы оңайлықпен бұйырмайтын ең беделді турнир болып қалуы тиіс. Алайда бүгінде футболда қаржылық мүдде басымдыққа ие болып барады, - деді Кейруш.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 ұлттық құраманың қатысуымен өтіп жатыр. Бұл – 1998 жылдан бері қолданылып келген 32 командалық форматпен салыстырғанда 16 құрамаға артық.

73 жастағы Карлуш Кейруш үшін бұл – бапкер ретіндегі бесінші әлем чемпионаты. Бұған дейін ол Португалия және Иран ұлттық құрамаларын бірнеше әлем біріншілігінде жаттықтырған.

Биылғы мундиальда Гана құрамасы L тобында Англия, Хорватия және Панамамен сынға түсіп, үшінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Енді олар 1/16 финалда Колумбия құрамасымен кездеседі.

Айта кетейік, Гана құрамасы әлем чемпионатына бесінші рет қатысып отыр. Команданың әзірге ең үздік нәтижесі – 2010 жылғы әлем чемпионатындағы ширек финалға дейін жетуі.

Фото: Getty Images