Мәзір
ӘЧ-2026

Футболдан әлем чемпионатының басты фавориті аталды

Сабина Асқарқызы 59 қаралым
Футболдан әлем чемпионатының басты фавориті аталды

Opta суперкомпьютері 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жеңімпазына қатысты жаңартылған болжамын жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жаңа рейтингте басты фаворит ретінде Франция ұлттық футбол құрамасы көрсетілді.

Дидье Дешам шәкірттері 1/8 финалда Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Енді француздар келесі кезеңде Канаданы 3:0 есебімен ұтқан Мароккомен кездеседі.

Opta есебіне сәйкес, Францияның әлем чемпионы атану мүмкіндігі 31,42 пайызды құрайды.

Екінші орында – қазіргі әлем чемпионы Аргентина. Лионель Месси бастаған құраманың чемпиондық ықтималдығы 15,47 пайыз деп бағаланған. Аргентиналықтар 7 шілдеде Мысырмен 1/8 финалда кездеседі.

Үздік үштікті Испания түйіндеп тұр. Луис де ла Фуэнте шәкірттерінің турнирді жеңіп шығу ықтималдығы 12,81 пайызға тең. Испания 7 шілдеге қараған түні Португалиямен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

 

Фото: Depositphotos/FreerLaw

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар