Футболдан әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған антирекорд тіркелді
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған статистикалық антирекорд тіркелді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Түркия мен Парагвай арасындағы топтық кезең матчында парагвайлық қорғаушы Омар Альдерете ерекше көрсеткішпен тарихқа енді. Ол алаңда толық 90 минут өткізгенімен, бүкіл матч барысында небәрі бір ғана дәл пас жасады.
Opta статистикасына сәйкес, бұл – 1966 жылдан бері әлем чемпионаттарында толық матч өткізген футболшылар арасындағы ең төмен көрсеткіш.
Альдерете кездесу барысында жеті рет пас беруге әрекеттенген. Алайда соның тек біреуі ғана әріптесіне дәл жеткен. Нәтижесінде оның пас дәлдігі бар болғаны 14 пайызды құрады.
Бір қызығы, қорғаушының мұндай сәтсіз жеке статистикасына қарамастан, Парагвай құрамасы Түркияны 1:0 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпайды еншіледі.
Осылайша, Омар Альдерете әлем чемпионаттары тарихындағы ең төмен пас дәлдігімен толық матч өткізген алғашқы футболшы ретінде тіркелді.
Фото: ©Depositphotos/celsopupo
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған