457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы белгілі болды

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы (IFFHS) 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үздік ойыншысы ретінде Аргентина құрамасының капитаны Лионель Мессиді таныды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Жеңімпаз ұйымның арнайы математикалық индексі негізінде анықталды. Бағалау кезінде әр матчтағы ойын сапасы, соғылған голдар, нәтижелі пастар және плей-офф кезеңіндегі шешуші сәттерге қосқан үлесі ескерілген.

IFFHS мәліметінше, Месси турнир барысында тұрақты жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, рейтингте барлық футболшыдан озық шыққан. Айта кетейік, FIFA нұсқасы бойынша әлем чемпионатының үздік ойыншысы атағы Испания құрамасының футболшысына берілген болатын.

2026 жылғы әлем чемпионатында аргентиналық шабуылшы жеті матчқа қатысып, алаңда жалпы 626 минут өткізді. Осы уақыт ішінде ол сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас беріп, Аргентина құрамасының 12 голына тікелей үлес қосты.

Сонымен қатар оның турнирдегі орташа бағасы IFFHS есебі бойынша 8,33 болды. Федерация бұл көрсеткішті Мессидің жарыс бойы жоғары деңгейде әрі тұрақты өнер көрсеткенінің дәлелі ретінде бағалады.

IFFHS марапатты футболшының мансаптағы жетістіктеріне емес, тек 2026 жылғы әлем чемпионатындағы статистикалық көрсеткіштеріне сүйене отырып тағайындағанын атап өтті.

Лионель Мессидің турнирдегі көрсеткіштері:

Матч – 7;

Ойын уақыты – 626 минут;

Гол – 8;

Нәтижелі пас – 4;

Орташа бағасы (IFFHS) – 8,33;

Еске салсақ, 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы Испаниядан ұтылды. Негізгі уақытта есеп ашылмағанымен, қосымша уақытта Ферран Торрес соққан гол Испанияға әлем чемпионы атағын сыйлады.

 

Фото: ©Depositphotos/AtlasStudio