457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты көрермен саны бойынша барлық рекордты жаңартты

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты тарихтағы ең көп көрермен жиналған мундиаль атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

FIFA мәліметінше, турнирдің алғашқы екі аптасында АҚШ, Канада және Мексикада өткен матчтарды 3 605 357 жанкүйер тамашалаған. Осылайша, әлем чемпионаты келушілер саны бойынша жаңа тарихи рекордқа қол жеткізді.

Жаңа рекорд Германия мен Эквадор, сондай-ақ Кот-д’Ивуар мен Кюрасао құрамаларының матчтары өткеннен кейін тіркелді.

Осыған дейінгі рекорд 1994 жылы АҚШ-та өткен әлем чемпионатына тиесілі еді. Ол кезде турнир ойындарын 3 587 538 көрермен тамашалаған болатын.

2026 жылғы мундиальда рекордтың жаңаруына турнир форматының кеңеюі де әсер етті. Биыл алғаш рет әлем чемпионатына 48 құрама қатысып, топтық кезеңдегі матчтар саны артты.

Сонымен қатар АҚШ-тағы ірі стадиондардың сыйымдылығы да жоғары көрсеткішке ықпал етті. Мәселен, Нью-Джерсидегі «Метлайф» стадионы бір матчта 82 500 көрерменді қабылдай алады. Ал 2022 жылғы Қатардағы әлем чемпионатында стадиондардың басым бөлігінің сыйымдылығы шамамен 45 мың адам болған.

 

Фото: РБК Life