457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Франция мен Парагвай матчын басқарған өзбекстандық төреші қатаң сынға ұшырады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы Франция мен Парагвай арасындағы кездесуден (1:0) кейін өзбекстандық FIFA төрешісі Ильгиз Танташевтың жұмысы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Францияның беделді L'Équipe басылымы оның төрелігіне 10 ұпайдың ішінен небәрі 1 ұпай беріп, бұл көрсеткішті биылғы әлем чемпионатындағы ең төменгі баға ретінде бағалады.

Басылымның пікірінше, Танташев Парагвай футболшыларының өрескел ойындары мен арандатушылық әрекеттеріне дер кезінде жауап бермей, матч барысын бақылаудан шығарып алған.

Статистика да осы пікірді қуаттайды. Парагвай құрамасы кездесу барысында 13 рет ереже бұзғанымен, бірде-бір ойыншысы сары қағаз алған жоқ. Ал 10 мәрте тәртіп бұзған Франция құрамасының үш футболшысы ескерту алды.

Кездесуден кейін Франция, Ұлыбритания және Қытайдың бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өзбекстандық төрешінің жұмысына сын айтып, оның әлем чемпионаты деңгейіндегі маңызды матчтарды басқару тәжірибесі жеткіліксіз екенін жазды.

Айта кетейік, ойындағы жалғыз голды Франция капитаны Килиан Мбаппе пенальтиден соқты. Бас төреші бұл шешімді тек VAR жүйесіндегі бейнеқайталымды көргеннен кейін қабылдаған.

 

Фото: Известия