Франция – Испания матчына Opta суперкомпьютері болжам жасады
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Франция құрамасы Испанияға қарсы кездесудің фавориті саналады, деп хабарлайды malimsports.kz.
Матч 14 шілдеде АҚШ-тың Техас штатындағы Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өтеді.
Opta суперкомпьютерінің болжамы бойынша, Францияның финалға шығу ықтималдығы – 57,7 пайыз. Ал Испанияның шешуші матчқа жолдама алу мүмкіндігі 42,3 пайыз деп бағаланған.
Ширек финалдардан кейін Opta Францияны турнирде қалған төрт құраманың ішіндегі басты фаворит ретінде атады. Сарапшылардың есебінше, Дидье Дешам шәкірттерінің әлем чемпионы атану мүмкіндігі 34 пайызды құрайды.
Букмекерлік кеңселер де Франция құрамасына аздаған басымдық беріп отыр. Негізгі уақыттағы француздардың жеңісіне ұсынылған коэффициенттер 2,30–2,45, тең нәтижеге 3,20–3,30, ал Испанияның жеңісіне 3,20–3,40 аралығында.
Франция құрамасы топтық кезеңде Сенегал, Ирак және Норвегияны жеңіп, плей-оффта Швецияны (2:0), Парагвайды (2:1) және Марокконы (2:0) жарыс жолынан шығарды.
Испания құрамасы топтық кезеңде Кабо-Вердемен тең түсіп, Сауд Арабиясы мен Уругвайды жеңді. Кейін плей-оффта Австрияны (3:0), Португалияны (1:0) және Бельгияны (2:1) жеңіп, жартылай финалға шықты.
Фото: Alex Grimm / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған