Франция-Ирак, Норвегия-Сенегал: жанкүйерлерді тартысты ойындар күтеді
Бүгін түнде АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде бірнеше қызықты кездесу жанкүйерлер назарына ұсынылады, деп жазады malimsports.kz.
I тобында әлем чемпионатының басты фавориттерінің бірі саналатын Франция құрамасы Иракпен кездеседі. Алғашқы турда Сенегалды 3:1 есебімен жеңген француздар плей-офф кезеңіне жолдама алуға бір қадам жақындауға тырысады. Ирак құрамасы болса алғашқы ойында Норвегиядан жеңіліп, енді турнирдегі алғашқы ұпайына қол жеткізуді көздейді.
Сондай-ақ I тобында Норвегия мен Сенегал құрамалары өзара күш сынасады. Бірінші турда Иракты 4:1 есебімен ұтқан норвегиялықтар топтағы көшбасшылықты сақтап қалуды мақсат етсе, Сенегал жарыстағы алғашқы ұпайын еншілеуге ниетті. Норвегия бапкері Столе Солбаккен қарсыластың жылдам шабуылшылары мен қарымта шабуылдағы әлеуетіне ерекше назар аударып отырғанын мәлімдеді.
Ал J тобында Йордания мен Алжир құрамалары кездеседі. Екі команда да алғашқы турда жеңіліс тапқандықтан, бұл матч олардың плей-оффқа шығу мүмкіндігі үшін аса маңызды болмақ. Алжир құрамасының бас бапкері Владимир Петкович бұл ойынды турнир тағдырын шешетін кездесу ретінде бағалап отыр.
Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі тартыс күн өткен сайын қыза түсуде. Сондықтан бүгінгі матчтардың нәтижесі бірнеше құраманың келесі кезеңге шығу мүмкіндігіне тікелей әсер етуі мүмкін.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған