Мәзір
ӘЧ-2026

Франция әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды

Сабина Асқарқызы 72 қаралым
Франция әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды

Франция ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Дидье Дешам шәкірттері ширек финалда Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, чемпиондыққа таласты жалғастырды.

Француздар бірінші таймда есеп ашуға тамаша мүмкіндік алғанымен, 28-минутта Килиан Мбаппе пенальтиді мүлт жіберді. Оның соққысын марокколық қақпашы Яссин Буну қайтарды.

Үзілістен кейін Франция капитаны өз қатесін түзеді. 60-минутта Мбаппе айып алаңы сыртынан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.

Арада алты минут өткенде нәтижелі пас шығарып, Усман Дембеле есеп айырмасын еселеді. Осылайша Франция 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Матчтың 77-минутында Мбаппе жарақат алып, дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Кейін ол алаңнан ауыстырылды. Әзірге оның жарақатының ауырлығы туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Осылайша, Франция әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанып, келесі кезеңде Испания мен Бельгия арасындағы ширек финалдың жеңімпазымен кездеседі.

 

Фото: ФИФА

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар