Мәзір
ӘЧ-2026

ФИФА Мессидің әлем чемпионатындағы рекордтық нәтижесіне өзгеріс енгізді

Сабина Асқарқызы 53 қаралым
ФИФА Мессидің әлем чемпионатындағы рекордтық нәтижесіне өзгеріс енгізді

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Аргентина – Кабо-Верде матчынан кейін Лионель Мессидің нәтижесіне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Қосымша уақыттың 111-минутында соғылған жеңіс голы бастапқыда Кристиан Ромероның еншісіне жазылып, нәтижелі пасты Месси берген деп тіркелген болатын. Осылайша аргентиналық шабуылшы әлем чемпионаттары тарихындағы нәтижелі пастар саны бойынша Диего Марадонаның рекордын (8) жаңартты деген ақпарат тараған еді.

Алайда кейін ФИФА эпизодты қайта қарап, голды Кабо-Верде қорғаушысы Диней Боржештің автоголы ретінде тіркеді. Соның салдарынан Мессидің нәтижелі пасы есепке алынбай, ол аталған рекордтың иесі атана алмады.

Соған қарамастан, Месси осы кездесуде тағы екі тарихи көрсеткішке қол жеткізді. Ол әлем чемпионаттарындағы гол санын 20-ға жеткізіп, өзіне тиесілі рекордты жаңартты. Сондай-ақ әлем чемпионаттарындағы қатарынан гол соққан матчтар сериясын сегіз ойынға дейін ұзартты.

Бұдан бөлек, аргентиналық жұлдыз бір әлем чемпионатындағы жеке нәтижелілігі бойынша өз рекордын қайталап, турнирдегі жеті голдық межеге жетті.

Фото:  Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар