457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ФИФА Аргентина – Мысыр матчындағы төрешіге қатысты шешім шығарды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина мен Мысыр құрамалары арасындағы даулы кездесуге төрелік еткен француз арбитрі Франсуа Летесье әзірге турнирден шеттетілген жоқ, деп хабарлайды malimsports.kz.

Мысыр ФИФА-ға шағым түсірді

Аргентинадан 2:3 есебімен жеңілгеннен кейін Мысыр футбол қауымдастығы Франсуа Летесьенің төрелігіне байланысты ФИФА-ға ресми шағым жолдады.

Кездесу барысында мысырлықтар 2:0 есебімен алға шыққанымен, басымдықты сақтай алмай, турнирмен қош айтысты. Ойын аяқталған соң команда ойыншылары мен бапкерлер штабы төрешінің бірқатар шешіміне наразылық білдірді.

ФИФА не деді?

Дереккөздің хабарлауынша, ұлттық футбол қауымдастықтарының төрешілерді тағайындауға немесе оларды қызметтен шеттетуге ықпал ету құқығы жоқ. Мұндай шешімдерді тек ФИФА-ның Төрешілер комитеті қабылдайды.

Сонымен бірге Франсуа Летесьенің аталған матчтағы жұмысына жан-жақты сараптама жүргізіледі. Осы бағалау қорытындысынан кейін ғана оның әлем чемпионатының келесі кездесулеріне тағайындалуы туралы шешім қабылданады.

Француз төрешісі әзірге ешқандай жаза алған жоқ. Дегенмен оның алдағы матчтарға тағайындалу мүмкіндігі төмен деп бағалануда.

Бұған Франция құрамасының турнирдегі жарысты жалғастырып жатқаны себеп. Егер француздар ширек финалда Марокконы жеңіп, жартылай финалға шықса, онда Франсуа Летесье мен тағы бір француз төрешісі Клеман Тюрпенге қалған матчтарды басқаруға рұқсат берілмеуі мүмкін. Бұл ФИФА-ның төрешілерді тағайындау жөніндегі қолданыстағы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Фото: ©Depositphotos/actionsports