457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионатының символикалық құрамасын жариялады

Турнирдің үздік ойыншыларынан құралған команда жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесі бойынша анықталып, ФИФА тарапынан бекітілді.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылғы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жасақталған символикалық құраманы жариялады, деп хабарлайды malimsports.kz

Турнирдің үздік ойыншыларынан құралған команда жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесі бойынша анықталып, ФИФА тарапынан бекітілді.

Әлем чемпионатының символикалық құрамына Испания құрамасынан үш, Франциядан үш, Аргентинадан екі және Англия, Норвегия мен Кабо-Верде елдерінен бір-бір футболшы енді.

2026 жылғы әлем чемпионатының символикалық құрамасы:

Қақпашы:

Возинья (Кабо-Верде)

Қорғаушылар:

Педро Порро (Испания)

Лисандро Мартинес (Аргентина)

Дайо Упамекано (Франция)

Марк Кукурелья (Испания)

Жартылай қорғаушылар:

Родри (Испания)

Майкл Олисе (Франция)

Джуд Беллингем (Англия)

Шабуылшылар:

Лионель Месси (Аргентина)

Эрлинг Холанд (Норвегия)

Килиан Мбаппе (Франция)

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысқан турнир болды. Дүбірлі дода АҚШ, Канада және Мексика елдерінде 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтті.

Турнирдің жеңімпазы Испания құрамасы атанды. Испания финалда Аргентина командасын қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңді.

Қола жүлде үшін өткен кездесуде Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен ұтып, әлем чемпионатының үшінші орнына ие болды.

Фото: Getty Images