457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Есе қайтару болмайды»: Дидье Дешам Сенегалға қарсы ойын алдында пікір білдірді

Франция ұлттық құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Сенегалға қарсы өтетін матч алдында тарихи қарсыласқа байланысты айтылып жүрген пікірлерге тоқталды, деп хабарлайды malimsports.kz.

Маманның айтуынша, тарихи байланыстарға қарамастан, қазіргі құраманың басты мақсаты – тек алдағы ойынның нәтижесі.

Көпшілік Сенегалдан есе қайтару туралы айтып жатыр. Бірақ футболда ондай ұғымның маңызы жоқ. Біз өткенді емес, келесі ойынды ойлауымыз керек, – деді Дешам.

Ол сондай-ақ қазіргі Франция құрамасының көптеген ойыншылары бұрынғы тарихи кездесулерді тікелей көрмегенін атап өтті:

Командадағы футболшылардың басым бөлігі ол кезеңді көрген де жоқ. Сондықтан бұл оқиға олардың ойынына әсер етпейді, – деді бапкер.

Дешам Сенегал құрамасының деңгейіне де тоқталып, қарсыласты жоғары бағалады.

Сенегал – өте мықты құрама. Оларда Еуропаның үздік клубтарында ойнайтын тәжірибелі футболшылар бар. Мұндай деңгейдегі қарсыласқа қарсы кез келген қателік кешірілмейді, – деп қорытындылады ол.

Айта кетейік, 2002 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Франция мен Сенегал құрамалары кездесіп, сенегалдықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол жеңістен кейін Африка құрамасы екінші орын алып плей-оффқа жолдама алса, Франция топтық кезеңнен шыға алмай қалған еді.

 

Фото: © Matt McNulty