Эрлинг Холанд 52 жыл бұрынғы әлем чемпионатының рекордын қайталады
Норвегия құрамасының шабуылшысы Эрлинг Холанд 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды malimsports.kz.
«Манчестер Сити» ойыншысы 1/8 финалда Бразилияға қарсы ойында дубль авторы атанып, дебюттік әлем чемпионатындағы гол санын жетіге жеткізді.
Opta дерегіне сәйкес, осылайша норвегиялық шабуылшы 1974 жылғы әлем чемпионатында жеті гол соққан поляк футболшысы Гжегож Лятоның рекордын қайталады.
Бұдан бөлек, Холанд Бразилияға қарсы кездесуде әуедегі барлық төрт жекпе-жекте жеңіске жетті. Нәтижесінде оның биылғы әлем чемпионатындағы әуедегі дуэльдердегі жеңіс көрсеткіші 78 пайызға (18 әрекеттің 14-і) жетті.
Бұл – 1966 жылдан бері Opta статистика жүргізе бастаған уақыттан бері әлем чемпионаттарында кемінде 15 әуе жекпе-жегіне қатысқан шабуылшылар арасындағы ең жоғары көрсеткіш.
Бұған дейін бұл рейтингте Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Оливье Жиру (67-70%), Германияның сұрмергені Мирослав Клозе (шамамен 65%) және Англияның экс-шабуылшысы Питер Крауч (64%) көш бастап келген болатын.
Айта кетейік, Норвегия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалынд Англия құрамасымен кездеседі.
Фото: ©instagram.com/herrelandslaget/
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған