Дональд Трамп әлем чемпионатының финалын стадионнан тамашалайды
АҚШ президенті Дональд Трамп 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының финалдық матчын стадионнан тамашалайды. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оның айтуынша, 18 шілдеде Трамп Нью-Йоркке барып, Trump Tower ғимаратында өтетін FIFA ұйымдастыратын ресми қабылдауға қатысады. Ал 20 шілдеге қараған түні Нью-Джерси штатындағы MetLife Stadium аренасында өтетін Испания мен Аргентина арасындағы финалдық кездесуге арнайы келеді.
Ақ үйдің мәліметінше, Дональд Трамп әлем чемпионатының финалын трибунадан тамашалап, турнирдің шешуші сәтіне куә болады.
Бұған дейін FIFA президенті Джанни Инфантино да АҚШ президентінің финалға қатысатынын растаған болатын. Оның сөзінше, әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін жеңімпаз командаға кубокты өзімен бірге Дональд Трамп та табыстайды.
2026 жылғы әлем чемпионатының финалы 20 шілдеге қараған түні Нью-Джерси штатындағы MetLife Stadium аренасында өтеді. Шешуші кездесуде қазіргі Еуропа чемпионы Испания мен әлем чемпионы Аргентина чемпиондық атақ үшін таласады.
Фото: Anna Moneymaker / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған