Дэвид Бекхэм әлем чемпионатының басты фавориттерін атады
Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы және «Интер Майами» клубының тең иесі Дэвид Бекхэм 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында чемпион атануы мүмкін құрамалар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Аңызға айналған футболшы ең алдымен өз елінің құрамасына сенім артатынын айтып, Англияны басты фавориттердің бірі ретінде атады. Сонымен қатар ол әлем чемпиондығына таласатын бірнеше мықты команданы ерекше атап өтті.
«Менің ойымша, әлем чемпионатын Англия жеңеді. Бірақ Францияның да құрамы өте мықты. Испанияны, Бразилияны және қазіргі әлем чемпионы Аргентинаны да ұмытпау керек. Бұл құрамалардың барлығы жоғары мақсатпен келеді», – деді Дэвид Бекхэм.
Сондай-ақ ол Ламин Ямаль, Килиан Мбаппе, Лионель Месси, Криштиану Роналду және Неймар секілді жұлдыздардың қатысуы турнирдің тартымдылығын арттыра түсетінін айтты.
Айта кетейік, Англия құрамасы әлем чемпионатында L тобында өнер көрсетеді. Топтық кезеңде ағылшындар Хорватия, Гана және Панама құрамаларымен кездеседі.
Ал қазіргі әлем чемпионы – Аргентина құрамасы.
Фото: Getty Images
Бүгін қазақстандық клубтардың Еурокубоктағы алғашқы қарсыластары анықталады
Ең көп оқылған