457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Деклан Райс әлем чемпионатының ширек финалында Норвегияға қарсы ойнауы мүмкін

Райс ішек инфекциясына байланысты бірнеше жаттығуды өткізіп алған болатын.

Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Деклан Райс 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалындағы Норвегияға қарсы матчқа қатысуға дайын. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Томас Тухель мәлімдеді, деп жазады malimsports.kz

Бұған дейін Англия құрамасының жетекші ойыншыларының бірі саналатын Райс ішек инфекциясына байланысты бірнеше жаттығуды өткізіп алған болатын. Осыған байланысты ол уақытша командадан оқшауланған. Сонымен қатар футболшының тізе асты сіңірі мен бел тұсында да аздаған мәселелер болған.

Алайда Томас Тухельдің айтуынша, қазіргі таңда Райстың жағдайы жақсарған және ол командамен бірге толыққанды жаттығуға кіріскен.

Бұл – біз үшін ең жақсы жаңалық. Дисквалификация алған Джарелл Куансадан басқа барлық ойыншы жаттығуға қатысты және матчқа дайын. Алдыңғы кездесуде жақсы қадам жасадық, енді ширек финалда жеңіске жетуіміз керек, - деді Тухель.

Сондай-ақ бұған дейін қорғаушылар Марк Гехи мен Рис Джеймстің де ойынға қатысуы күмән тудырған еді. Бірақ жұма күні екеуі де командамен бірге толық көлемде жаттығу өткізді.

Англия мен Норвегия құрамалары арасындағы 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық кездесуі 12 шілде күні өтеді.

Фото: Ашық дереккөзден