457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Чехия құрамасының бас бапкері әлем чемпионатынан кейін қызметінен кетті

Бұл туралы Чехия футбол қауымдастығы (FACR) ресми түрде хабарлады

Футболдан Чехия ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Коубек 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіз нәтижеден кейін қызметінен кетті, деп жазады malimsports.kz

Бұл туралы Чехия футбол қауымдастығы (FACR) ресми түрде хабарлады. Ұйым президенті Давид Транди тараптардың өзара келісімі бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

«Бүгін бас бапкер Мирослав Коубекпен өзара келісімге келіп, бірлескен жұмысымызды тоқтаттық. Жеке кездесу барысында ол қызметінен босатуды ұсынды. Ашық әрі шынайы әңгімеден кейін мен оның ұсынысын қабылдадым», – деді Давид Транди.

74 жастағы Мирослав Коубек Чехия құрамасын 2025 жылдың желтоқсанынан бері жаттықтырған. Оның келісімшарты 2028 жылға дейін есептелген болатын.

2026 жылғы әлем чемпионатында Чехия құрамасы А тобында соңғы орын алды. Команда Оңтүстік Кореядан 1:2, Мексикадан 0:3 есебімен жеңіліп, Оңтүстік Африка Республикасымен 1:1 есебімен тең түсті. Осылайша чехиялықтар плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Фото: Getty Images