457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгін плей-офф кезеңі басталады: алғашқы матчта кімдер ойнайды?

28 маусымнан 29 маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңі басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

1/16 финалдағы алғашқы кездесуде Оңтүстік Африка Республикасы мен Канада құрамалары өзара мықтыны анықтайды.

Матч SoFi Stadium стадионында өтіп, Астана уақытымен 00:00-де басталады.

Оңтүстік Африка Республикасы А тобында төрт ұпаймен екінші орын алды. Команда Мексикадан 0:2 есебімен жеңіліп, Чехиямен 1:1 есебімен тең ойнады және Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңді.

Ал Канада құрамасы В тобында да төрт ұпай жинап, екінші орынмен плей-оффқа шықты. Канадалықтар Босния және Герцеговинамен 1:1 есебімен тең түсіп, Катарды 6:0 есебімен ойсырата жеңді және Швейцариядан 1:2 есебімен жеңілді.

Плей-офф ойындарының кестесі

28 маусым. 00:00. Канада - Оңтүстік Африка

29 маусым. 22:00. Бразилия - Жапония

30 маусым. 01:30. Германия - Парагвай

30 маусым. 06:00. Нидерланд - Марокко

30 маусым. 22:00. Кот-д'Ивуар - Норвегия

1 шілде. 02:00. Франция - Швеция

1 шілде 06:00. Мексика - Эквадор

1 шілде. 21:00. Англия - Конго ДР

2 шілде. 01:00. Бельгия - Сенегал

2 шілде. 05:00. АҚШ - Босния және Герцоговина

3 шілде. 04:00. Португалия - Хорватия

3 шілде. 23:00. Аустралия - Египет

4 шілде. 03:00. Аргентина - Кабо-Верде

4 шілде. 06:30. Колумбия - Гана.

Ал 1/8 финал 4-7 шілде күндері өтсе, одан кейін 1/4 финал 9-11 шілде, 1/2 финал 14-15 шілде күндері болады. 

Финал мен 3-орын үшін ойын 18-19 шілде күндеріне беглінген.

 

Фото: ©instagram.com/canadasoccer