Мәзір
ӘЧ-2026

Бүгін әлем чемпионатында Аргентина мен Аустрия құрамалары кездеседі

Сабина Асқарқызы 80 қаралым
Бүгін әлем чемпионатында Аргентина мен Аустрия құрамалары кездеседі

Бүгін АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты аясында Аргентина мен Аустрия құрамалары өзара кездеседі, деп хабарлайды malimsports.kz. 

J тобындағы бұл матч турнирдің маңызды ойындарының бірі саналады. Әлем чемпионатының қазіргі жеңімпазы Аргентина алғашқы турда Алжирді 3:0 есебімен жеңсе, Аустрия құрамасы Иорданияны 3:1 нәтижесімен ұтқан болатын. Сондықтан бүгінгі кездесуде жеңіске жеткен команда плей-офф кезеңіне жолдаманы мерзімінен бұрын рәсімдеуге мүмкіндік алады.

Аргентина құрамасының басты жұлдызы Лионель Месси алғашқы матчта хет-трик авторы атанып, командасын сенімді жеңіске жеткізді. Ал Аустрия сапы соңғы жылдары тұрақты ойын өрнегімен ерекшеленіп, әлем чемпионатындағы сенсациялардың біріне айналуға ниетті.

Футбол жанкүйерлері бұл ойында тәжірибе мен тәртіпке негізделген Аустрия құрамасы мен шабуылдағы қуатты әлеуеті бар Аргентина арасындағы тартысты бәсекені тамашалай алады.

Фото: Ашық дереккөзден 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар