457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бразилия Жапонияны жеңіп, плей-оффтың келесі кезеңіне шықты

Кездесуде Бразилия құрамасының үздік сұрмергені Неймар алаңға шыққан жоқ. Ол матчты қосалқы құрамда өткізді.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Бразилия құрамасы Жапонияны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz

АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен кездесудің алғашқы таймында жапониялық Кайсю Сано есеп ашып, өз командасын алға шығарды. Алайда екінші таймда бразилиялықтар ойынды өз бақылауына алып, камбэк жасады.

Бразилия сапынан Каземиро 56-минутта таразы басын теңестірсе, Габриэл Мартинелли матчқа қосылған бесінші минутта жеңіс голын соқты.

Кездесуде Бразилия құрамасының үздік сұрмергені Неймар алаңға шыққан жоқ. Ол матчты қосалқы құрамда өткізді.

Осылайша, бес дүркін әлем чемпионы Бразилия 1/8 финалға жолдама алды. Енді олар 5 шілдеде Кот-д'Ивуар мен Норвегия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Фото:  Getty Images