Аргентина құрамасы қатарынан екінші рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина құрамасы Швейцарияны 3:1 есебімен жеңіп, қатарынан екінші рет турнирдің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.
Канзас-Ситиде (АҚШ) өткен кездесуде аргентиналықтар сапынан Алексис Макаллистер 10-минутта есеп ашты. Швейцариялық Дан Ндойе 67-минутта таразы басын теңестіргенімен, қосымша уақытта Хулиан Альварес (112-минут) пен Лаутаро Мартинес (120+1) мергендік танытып, Аргентинаға жеңіс сыйлады.
Кездесудің 72-минутында VAR жүйесінің көмегімен төреші бастапқы шешімін өзгертіп, швейцариялық шабуылшы Брель Эмболоға симуляция жасағаны үшін екінші сары қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Алғашында ескерту Аргентина жартылай қорғаушысы Леандро Паредеске берілген болатын.
Айта кетейік, Аргентина ширек финалға 1/8 финалда Мысыр құрамасын 3:2 есебімен жеңу арқылы шықты. Бұл кездесуде аргентиналықтар 78-минуттан кейін екі доп айырмасын жойып, негізгі уақытта жеңіске жеткен әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы құрама атанды.
Бұл жеңіс Аргентина құрамасының әлем чемпионаттарындағы жеңіліссіз сериясын 12 матчқа (9 жеңіс, 3 тең ойын) жеткізді. Бұл – мундиаль тарихындағы ең ұзақ жеңіліссіз серия. Сонымен қатар Аргентина қазіргі әлем чемпионы мәртебесін сақтап келеді.
Команда капитаны Лионель Месси әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі 15-матчын өткізіп, Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозенің (14 матч) рекордын жаңартты.
Швейцария құрамасы болса, 1954 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шыққанымен, өз тарихында алғаш рет жартылай финалға жолдама ала алмады.
Енді Аргентина жартылай финалда 15 шілдеде Англия құрамасымен кездеседі. Ал екінші жартылай финалда 14 шілдеде Франция мен Испания құрамалары өзара күш сынасады.
Әлем чемпионатының қола жүлде үшін матчы 18 шілдеде Майамиде өтсе, финал 19 шілдеде Нью-Йоркте ұйымдастырылады.
Фото: Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған