Мәзір
ӘЧ-2026

Аргентина камбэк жасап, ширек финалға жолдама алды

Сабина Асқарқызы 55 қаралым
Аргентина камбэк жасап, ширек финалға жолдама алды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Аргентина құрамасы Египетті 3:2 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Атлантада өткен кездесуде мысырлықтар Яссер Ибрагим мен Мостафа Зиконың голдарының арқасында 67-минутқа дейін 2:0 есебімен алда тұрған. Алайда ойынның соңғы бөлігінде Кристиан Ромеро (79), Лионель Месси (83) және Энцо Фернандес (90+2) мергендік танытып, Аргентинаға жеңіс сыйлады.

Матч барысында Месси 11 метрлік айып добын орындай алмай қалды. Соған қарамастан, ол бір нәтижелі пас беріп, әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік ассистент атанды (9 нәтижелі пас). Сондай-ақ аргентиналық шабуылшы турнирдегі сегізінші голын соғып, бір әлем чемпионатындағы жеке рекордын жаңартты.

Ширек финалда Аргентина Швейцария құрамасымен кездеседі.

Фото: Getty Images

 

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар