Аргентина камбэк жасап, қатарынан екінші рет әлем чемпионатының финалына шықты
Аргентина құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Атлантада өткен жартылай финалда қазіргі әлем чемпиондары Англияны 2:1 есебімен жеңіп, қатарынан екінші мәрте шешуші матчқа шықты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Кездесуде есепті 55-минутта Англия құрамасының шабуылшысы Энтони Гордон ашты. Ұзақ уақыт бойы жеңіске жақын тұрған ағылшындар матч соңында басымдықтарын сақтап қала алмады.
85-минутта Энцо Фернандес таразы басын теңестірсе, қосымша уақыттың екінші минутында Лаутаро Мартинес жеңіс голын соғып, Аргентинаға жеңіс сыйлады.
Осылайша, Лионель Скалони шәкірттері әлем чемпионы атағын қорғауды жалғастырады. Еске салсақ, 2022 жылғы Қатардағы мундиальдың финалында Аргентина Францияны пенальти сериясында жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.
Матч барысында бірқатар тарихи көрсеткіш тіркелді. Opta мәліметінше, кездесудегі алғашқы соққы тек 33-минутта жасалып, бұл 1966 жылдан бері әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңіндегі ең кеш алғашқы соққы болды.
Сондай-ақ Аргентина капитаны Лионель Месси әлем чемпионатының жартылай финалында алаңға шыққан ең жасы үлкен ойыншысы атанса, Англия шабуылшысы Харри Кейн ұлттық құрама сапындағы матч саны бойынша жаңа рекорд орнатты.
Енді 19 шілдеде өтетін финалда Аргентина Испания құрамасымен кездеседі. Ал Англия үшінші орын үшін матчта Франциямен күш сынасады.
Фото: Shaun Botterill / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған