457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

АҚШ құрамасы Бельгиядан жеңіліп, әлем чемпионатымен қоштасты

Сиэтлде өткен кездесуде Бельгия сапынан Шарль де Кетеларе дубль авторы атанды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында АҚШ құрамасы Бельгияға 1:4 есебімен есе жіберіп, турнирден шығып қалды, деп хабарлайды malimsports.kz

Сиэтлде өткен кездесуде Бельгия сапынан Шарль де Кетеларе дубль авторы атанды (9, 33-минуттар). Сонымен қатар Ханс Ванакен (57) мен Ромелу Лукаку (90+3) мергендік танытты. АҚШ құрамасының жалғыз голын Малик Тиллман 31-минутта соқты.

Осылайша, Бельгия құрамасы тарихында төртінші рет және 2018 жылдан бері алғаш рет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Енді бельгиялықтар 10 шілдеде Инглвудтағы Los Angeles Stadium аренасында Испания құрамасымен кездеседі.

Матч алдында АҚШ құрамасының шабуылшысы Фоларин Балогунға қатысты дау туындаған болатын. Бұған дейін қызыл қағаз алған футболшы Бельгияға қарсы ойынды өткізіп жіберуі тиіс еді. Алайда ФИФА-ның тәртіптік комитеті оның дисквалификациясын уақытша тоқтатып, бір жылдық сынақ мерзіміне ауыстырды. Соның арқасында Балогун матчқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл мәселеге байланысты ФИФА президенті Джанни Инфантиномен сөйлескенін растады. Дегенмен Инфантино тәртіптік комитет шешімдерді өз бетінше қабылдайтынын мәлімдеді. Балогунның алаңға шығуына Бельгия футбол қауымдастығы, УЕФА және бірқатар футбол мамандары қарсылық білдірген еді.