АҚШ құрамасы әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты
АҚШ құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды malimsports.kz.
Турнирдің 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңген америкалықтар әлем чемпионатындағы қатарынан төртінші матчтың алғашқы таймында гол соғып, өз тарихындағы үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұған дейін АҚШ құрамасы мундиальдарда мұндай нәтижеге жете алмаған.
Кездесудің 45-минутында шабуылшы Фоларин Балогун есеп ашып, рекордтың тіркелуіне себепкер болды.
Алайда екінші таймда жағдай күрделене түсті. Балогун дөрекі ереже бұзғаны үшін тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Соған қарамастан, бір ойыншыға кем қалған АҚШ құрамасы басымдығын сақтап қала білді.
Матчтың 80-минутында Малик Тиллман айып добын шебер орындап, есепті 2:0-ге жеткізіп, команданың жеңісін түйіндеді.
Осы нәтиженің арқасында АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Келесі кезеңде америкалықтар Бельгия құрамасымен кездеседі.
Айта кетейік, 1/8 финалдағы АҚШ – Бельгия матчы 7 шілдеде өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 05:00-де басталады.
Фото: ©x.com/USMNT
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған