Англия құрамасы әлем чемпионатында алғаш рет қола жүлде жеңіп алды
Футболдан әлем чемпионатында үшінші орын үшін өткен Англия-Франция матчында тарихи нәтиже тіркелді. Майамиде өткен кездесуде ағылшындар 6:4 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды malimsports.kz.
Англия алғашқы таймнан кейін 4:0 есебімен алда болды. Екінші таймда Франция қатарынан үш гол соғып, есепті қысқартқанымен, ағылшындар жеңісті уысынан шығармады.
Англия құрамасының шабуылшысы Букайо Сака хет-трик жасады. Франция сапында Килиан Мбаппе дубль авторы атанды. Ол турнирдегі гол санын 10-ға жеткізіп, әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды.
Бұл - Англия құрамасының әлем чемпионаттарындағы алғашқы қола жүлдесі. Бұған дейін ағылшындар 1966 жылы чемпион атанса, 1990 және 2018 жылдары төртінші орын алған.
2026 жылғы әлем чемпионаты 20 шілдеге қараған түні Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойынмен аяқталады.
Фото: Ашық дереккөзден
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған