457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Англия камбэк жасап, әлем чемпионатында келесі кезеңге өтті

Англия ұлттық футбол құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Конго Демократиялық Республикасы құрамасын 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды malimsports.kz.

АҚШ-тың Атланта қаласындағы «Мерседес-Бенц» стадионында өткен кездесуде Конго ДР құрамасы есепті бірінші болып ашты. 7-минутта Шансель Мбембаның пасынан кейін Бриан Сипенга айып алаңына еніп, Джордан Пикфорд қорғаған қақпаның жақын бұрышын дәл көздеді.

Бірінші тайм Конго ДР-дың 1:0 есебіндегі басымдығымен аяқталды.

Екінші таймда Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель алаңға Энтони Гордонды шығарып, бұл шешім өз нәтижесін берді. 75-минутта Гордонның сол қапталдан берген нәтижелі пасын Харри Кейн баспен қақпаға бағыттап, есепті теңестірді.

Араға 11 минут салып Гордон тағы бір нәтижелі пас шығарды. Бұл жолы Кейн айып алаңында қорғаушылардың қысымына қарамастан допты қақпаның жоғарғы бұрышына дәл бағыттап, дубль авторы атанды әрі Англияға жеңіс сыйлады.

Осылайша, Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты. Енді олар 6 шілдеде ширек финал жолдамасы үшін турнир қожайындарының бірі – Мексика құрамасымен кездеседі. Матч Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында өтеді.

 

Фото: ФИФА