457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Анчелотти Неймардың Жапонияға қарсы матчқа неге шықпағанын түсіндірді

ФИФА-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында маман Неймарды қосымша уақытқа сақтағанын айтты.

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Жапонияға қарсы кездесуде Неймарды алаңға шығармау себебін түсіндірді, деп жазады malimsports.kz

ФИФА-ның баспасөз қызметіне берген сұхбатында маман Неймарды қосымша уақытқа сақтағанын айтты.

«Сабыр сақтадық. Алаңда да, қосалқы құрамда да ойынды өзгерте алатын футболшылар жеткілікті болды. Жапония - өте ұйымшыл әрі қарқынды ойнайтын команда. Егер екінші голды соқпағанда, Неймарды қосымша уақыттың 105-минутында алаңға шығаруды жоспарлаған едім. Команданың ойыны жақсы болғандықтан, тактиканы өзгерткім келмеді», - деді Анчелотти.

Еске салайық, Бразилия Жапонияны 2:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды. Негізгі уақыт тең аяқталуға жақын болғанымен, Габриэл Мартинелли матчқа қосылған қосымша уақыттың бесінші минутында жеңіс голын соқты.

34 жастағы Неймар кездесуді толықтай қосалқы құрамда өткізді. Ол бұған дейін топтық кезеңдегі Шотландияға қарсы матчта алаңға соңғы 14 минутта шыққан болатын. Тәжірибелі шабуылшы турнирдің алғашқы екі ойынын балтыр бұлшықетінің жарақатына байланысты өткізіп алған.

Айта кетейік, Неймар Бразилия құрамасының тарихындағы үздік сұрмерген саналады. Оның еншісінде ұлттық құрама сапында өткізген 129 матчта соққан 79 гол бар.

Фото: Getty Images