Мәзір
ӘЧ-2026

Әлем чемпионатының топтық кезеңінде 999 футболшы алаңға шықты

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде 999 футболшы алаңға шықты

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде 48 құраманың 999 футболшысы алаңға шықты, деп хабарлайды malimsports.kz. 

ФИФА мәліметінше, топтық кезең аясында өткен 72 матчқа турнирге қатысушы командалардың 999 ойыншысы қатысқан.

Биылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет 48 құраманың қатысуымен ұйымдастырылып отыр. Бұл – 1998 жылдан бері өткен алдыңғы жеті мундиальмен салыстырғанда 16 командаға көп.

Топтық кезең қорытындысы бойынша 32 құрама плей-офф кезеңіне жолдама алды. 1/16 финал матчтары 28 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар