457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыққан тоғыз құрама белгілі болды

1/16 финалдағы орнын қамтамасыз еткен құрамалар қатарында Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина, Франция, Норвегия, Колумбия, Швейцария және Канада бар.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің соңғы туры басталды. Қазіргі уақытта тоғыз құрама плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алып үлгерді, деп хабарлайды malimsports.kz

1/16 финалдағы орнын қамтамасыз еткен құрамалар қатарында Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина, Франция, Норвегия, Колумбия, Швейцария және Канада бар.

Олардың ішінде Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина және Швейцария өз топтарында бірінші орынды иеленді.

Жаңа формат бойынша әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне 32 құрама шығады. Оның 24-і топтарда алғашқы екі орын алған командалар болса, қалған сегіз жолдама үшінші орын алған құрамалар арасындағы үздіктерге беріледі.

1/16 финал матчтары 28 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді. Ал финалдық кездесу 19 шілде күні Нью-Йорк қаласында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты тарихтағы ең ауқымды мундиаль саналады. Турнирге алғаш рет 48 ұлттық құрама қатысуда.

Фото: Getty Images