Мәзір
ӘЧ-2026

Әлем чемпионатының фан-аймағында атыс болып, бір адам қаза тапты

Сабина Асқарқызы 97 қаралым
Әлем чемпионатының фан-аймағында атыс болып, бір адам қаза тапты

АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласында орналасқан футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жанкүйерлер аймағында (фан-аймақ) болған атыс салдарынан бір адам қаза тауып, тағы бір адам ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды malimsports.kz. 

Жергілікті полицияның мәліметінше, оқиға Сан-Педро алаңындағы фан-аймақта болған. Оқиғадан кейін қауіпсіздік мақсатында маңайдағы көшелер уақытша жабылды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, атыс болған сәтте фан-аймақта әлем чемпионаты матчтарының тікелей көрсетілімі жүргізілмеген. Сол күнгі жалғыз ойын жергілікті уақыт бойынша сағат 14:00-де аяқталған.

Сан-Франциско шығанағы аймағындағы келесі әлем чемпионаты матчы 2 шілдеде Санта-Клара қаласында өтеді. Онда АҚШ пен Босния және Герцеговина құрамалары 1/8 финал жолдамасын сарапқа салады.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар