457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионатында қандай фавориттер өз мәртебесін ақтады?

Алайда плей-оффтың алғашқы кезеңінде чемпионаттағы ең ірі сенсация тіркелді.

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына турнирдің басты фавориттері саналатын төрт құрама жолдама алды, деп жазады malimsports.kz

Алайда плей-оффтың алғашқы кезеңінде чемпионаттағы ең ірі сенсация тіркелді. Турнир жеңімпаздығына негізгі үміткерлердің бірі саналған Германия құрамасы күтпеген жерден Парагвайға жол беріп, жарыс жолынан шығып қалды.

Чемпионат басталғанға дейін Парагвай құрамасы плей-оффқа тікелей шығатын басты үміткерлер қатарына да енгізілмеген еді. Тіпті топтық кезеңнің алғашқы турында АҚШ құрамасынан 1:4 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін оңтүстікамерикалық команданы көпшілік аутсайдерлердің бірі ретінде бағалаған болатын.

Матч алдында Opta статистикалық агенттігі Германияның жеңіске жету мүмкіндігін 70 пайыздан жоғары деп бағаласа, Парагвайдың жеңу ықтималдығы небәрі 10 пайыздан сәл ғана асқан.

Дегенмен кездесудің негізгі және қосымша уақыты тең аяқталып, матч тағдыры пенальти сериясында шешілді. Бұл сында Парагвай дәлдік танытып, сенсациялық жеңіске жетті.

Opta дерегіне сәйкес, Германия – Парагвай кездесуі футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең ірі бес сенсацияның қатарына енді.

Соған қарамастан ширек финал қорытындысы бойынша турнирдің қалған басты фавориттері жартылай финалға өтіп, чемпиондық атақ үшін күресті жалғастыруда.

Фото: Getty Images