Әлем чемпионатынан кейін Зинедин Зидан Франция құрамасының бас бапкері атанады
Франция ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болып Зинедин Зидан тағайындалады. Бұл туралы танымал инсайдер Фабрицио Романо мәлімдеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Мәліметке сәйкес, Зидан Франция құрамасының тізгінін 2026 жылғы әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін ұстайды. Қазіргі бас бапкер Дидье Дешам турнирден соң қызметінен кететінін бұған дейін ресми түрде мәлімдеген болатын.
Франция құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испаниядан 0:2 есебімен жеңіліп, финалға шыға алмады. Енді француздар қола жүлде үшін Англия мен Аргентина арасындағы екінші жартылай финалдың жеңілген командасымен кездеседі.
Дидье Дешам Франция құрамасын 2012 жылдан бері жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 2018 жылғы әлем чемпионы атанып, 2022 жылғы мундиалда күміс медаль жеңіп алды.
Ал Зинедин Зидан бапкерлік мансабында мадридтік «Реалды» екі кезеңде (2016-2018 және 2019-2021 жылдары) басқарды. Оның жетекшілігімен испаниялық клуб үш мәрте УЕФА Чемпиондар лигасын, екі рет Испания чемпионатын және бірқатар халықаралық трофейді жеңіп алды.
Фото: Global Look Press
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған