Мәзір
ӘЧ-2026

Әлем чемпионатына барған Роналду әуежайда қатаң тексерістен өтті

Сабина Асқарқызы 61 қаралым
Әлем чемпионатына барған Роналду әуежайда қатаң тексерістен өтті

Футболдан Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты аясында Хьюстон әуежайында қауіпсіздік тексерісінен өтті, деп хабарлайды malimsports.kz.

Күзет қызметі 41 жастағы шабуылшыдан сөмкесін шешіп, тексеруге беруді сұраған. Бұл жағдай футболшы үшін күтпеген сәт болған. Роналду әзілмен өзінің қымбат күннен қорғайтын көзілдірігін де тексеруге беру керек пе деп сұрағанымен, қауіпсіздік қызметі тексерісті жалғастырған.

Осы оқиғадан кейін Португалия құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойыны үшін Майами қаласына жол тартты. Команда қазіргі таңда өз тобында екінші орында келеді.

Айта кетейік, Роналду Узбекистанға қарсы ойында екі гол соғып, әлем чемпионатындағы өз гол санын 10-ға жеткізіп, Португалия құрамасының мундиальдардағы ең үздік сұрмергені атанды.

Фото: Getty Images

Мақаланы бөлісу
Осы тақырыпта

Ұқсас жаңалықтар