457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты: Кюрасао ұлттық футбол командасы Гиннес рекордтар кітабына енді

Іріктеу кезінде Кюрасао халқының саны небәрі 156 115 адамды құраған.

Кюрасао ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына еніп, ФИФА әлем чемпионатына жолдама алған ең кішкентай ел атанды, деп хабарлайды malimsports.kz

Қазақпараттың жазуынша, 16 маусымда Гиннестің рекордтар кітабы АҚШ-тың Хьюстон қаласында Кюрасао футбол федерациясының президенті Гилберт Мартинаға ресми сертификат табыс етті.

Іріктеу кезінде Кюрасао халқының саны небәрі 156 115 адамды құрады, бұл 2018 жылы іріктеу кезінде халқының саны шамамен 350 000 болған Исландияның бұрынғы рекордынан асып түсті.

Кюрасао ұлттық құрамасы өзінің алғашқы матчын 14 маусым, жексенбі күні өткізіп, 2026 жылғы ФИФА әлем чемпионатында 7:1 есебімен жеңілді.

Команда E тобында Эквадор және Кот-д’Ивуармен кездеседі.

Айта кету керек, биыл әлем чемпионатында төрт команда дебют жасады: Иордания, Кабо-Верде, Кюрасао және Өзбекстан.

Фото: curacaochronicle.com