АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында бүгін топтық кезеңнің кезекті ойындары өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Оныншы ойын күні аясында Е және F топтарындағы құрамалар алаңға шығады.
20-21 маусым күнгі матчтар (Астана уақытымен):
22:00 – Нидерланд – Швеция
F тобындағы көшбасшылардың бірі Швеция құрамасы Нидерландпен кездеседі. Алғашқы турда шведтер Тунисті 5:1 есебімен ойсырата жеңсе, Нидерланд Жапониямен 2:2 есебімен тең түскен болатын.
01:00 – Германия – Кот-д’Ивуар
Е тобындағы басты матчтардың бірі. Германия алғашқы ойында Кюрасаоны 7:1 есебімен тас-талқан етсе, Кот-д’Ивуар Эквадорды 1:0 есебімен жеңді. Бұл кездесудің жеңімпазы топ көшбасшысы атануы мүмкін.
05:00 – Эквадор – Кюрасао
Алғашқы турда жеңілген екі команда өзара кездеседі. Эквадор үшін плей-офф мүмкіндігін сақтап қалу тұрғысынан бұл матч аса маңызды.
09:00 – Тунис – Жапония
Тунистіктер алғашқы турдағы ауыр жеңілістен кейін жағдайын түзетуге тырысады. Ал Жапония құрамасы бұл ойынға фаворит ретінде шығады.
Фото: ©x.com/DFB_Team