Әлем чемпионаты: бүгін Месси, Роналду және Өзбекстан құрамасы алаңға шығады
28 маусымнан 29 маусымға қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі соңғы матчтар өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.
Осы ойындардан кейін 1/16 финалға жолдама алған барлық құрамалар толық анықталады.
Бүгін L, K және J топтарындағы соңғы тур ойындары ұйымдастырылады.
Матчтар кестесі (Қазақстан уақытымен):
02:00 (L тобы)
Панама – Англия
Хорватия – Гана
04:30 (K тобы)
Колумбия – Португалия
Конго Демократиялық Республикасы – Өзбекстан
07:00 (J тобы)
Алжир – Австрия
Иордания – Аргентина
Айта кетейік, бүгінгі ойындардың басты назарында Лионель Месси бастаған Аргентина, Криштиану Роналду өнер көрсететін Португалия және плей-офф жолдамасы үшін таласатын Өзбекстан құрамасы болады.
Барлық кездесулер Qazsport және Qazaqstan телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі.
Фото: Michael Steele / Getty Image
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған