Әлем чемпионаты-2026: плей-оффқа шыққан құрамалар саны алтауға жетті
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алған құрамалар қатары толықты, malimsports.kz.
Топтық кезеңнің екінші турының қорытындысы бойынша Норвегия мен Франция 1/16 финалдағы орнын ресми түрде қамтамасыз етті.
23 маусым күні Норвегия құрамасы Сенегалды 3:2 есебімен жеңіп, турнирдегі қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді. Осы нәтижеден кейін скандинавиялық команда алты ұпай жинап, келесі кезеңге мерзімінен бұрын шықты.
Ал I тобындағы тағы бір ойында Франция құрамасы Ирактан 3:0 есебімен басым түсіп, ұпай санын алтыға жеткізді. Осылайша француздар да плей-оффқа жолдама алған командалар қатарына қосылды.
Енді соңғы турда Норвегия мен Франция өзара топтағы бірінші орын үшін таласады.
Қазіргі уақытта 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалына Мексика, АҚШ, Германия, Аргентина, Норвегия және Франция құрамалары мерзімінен бұрын шығып отыр.
Айта кетейік, әлем чемпионатының плей-офф кезеңі 28 маусымда басталады. Ал топтық кезеңнің екінші туры аяқталғанға дейін тағы бірнеше құрама мерзімінен бұрын келесі айналымға шығуы мүмкін.
Фото: Dan Mullan / Getty Images
"Мбаппеге үлкен соққы": Моуринью "Реал Мадридтің" танымал ойыншысын сатуға ниетті
Ең көп оқылған