457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты-2026: бүгін Бразилия мен Англия ширек финал жолдамасы үшін ойнайды

Бүгін АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы тағы екі матч өтеді, деп хабарлайды malimsports.kz.

01:00 – Бразилия – Норвегия

Бразилия құрамасы топтық кезеңде жеңілмей, С тобында бірінші орынмен плей-оффқа шықты. 1/16 финалда Карло Анчелоттидің шәкірттері Жапонияны 2:1 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Норвегия болса, топтық кезеңде тек Франциядан (1:4) жеңіліп, өз тобында екінші орын алды. Плей-оффтың алғашқы сатысында скандинавиялықтар Кот-д’Ивуарды 2:1 есебімен жеңді. Жеңіс голын матчтың 86-минутында Эрлинг Холанд соқты.

Кездесу MetLife Stadium аренасында өтеді. Бас төреші – америкалық Исмаил Эльфат.

05:00 – Мексика – Англия

Турнир қожайындарының бірі Мексика топтық кезеңдегі үш матчтың барлығында жеңіске жетіп, 1/16 финалда Эквадорды 2:0 есебімен сенімді ұтты. Хавьер Агирре жаттықтыратын команда осы уақытқа дейін бірде-бір гол жіберген жоқ.

Англия L тобында бірінші орын алғанымен, Ганамен 0:0 есебімен тең түсті. Ал 1/16 финалда Томас Тухельдің командасы Конго Демократиялық Республикасын 2:1 есебімен жеңіп, камбэк жасады. Харри Кейн 75 және 86-минуттарда дубль авторы атанып, ағылшындарды келесі кезеңге алып шықты.

Матч әйгілі Estadio Azteca стадионында өтеді. Бас төреші – аустралиялық Алиреза Фағани.

 

Фото: ©instagram.com/england