457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты-2026: 24-25 маусымдағы шешуші матчтар кестесі

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында топтық кезеңнің үшінші тур ойындары басталады, деп хабарлайды malimsports.kz.

24 маусымнан 25 маусымға қараған түні бірқатар топтарда плей-офф жолдамаларының тағдыры шешіледі.

В тобы

25 маусым, 00:00

Босния және Герцеговина – Қатар

Швейцария – Канада

Босния және Герцеговина мен Қатар әзірге бір-бір ұпайдан ғана жинаған. Сондықтан екі құрама үшін де бұл кездесу турнирдегі соңғы мүмкіндік болуы мүмкін.

Ал Швейцария мен Канада төрт ұпайдан еншілеп, плей-оффқа шығуға жақын тұр. Бұл ойында жеңіске жеткен команда топтың бірінші орнына ие болады.

С тобы

25 маусым, 03:00

Марокко – Гаити

Шотландия – Бразилия

Гаити құрамасы келесі кезеңге шығу мүмкіндігінен айырылғанымен, турнирді жақсы нәтижемен аяқтауға тырысады. Ал Марокко үшін бұл матч топтағы көшбасшылықты сақтап қалу тұрғысынан маңызды.

Топтағы жағдай өте тартысты. Бразилия мен Марокконың қоржынында төрт ұпайдан болса, Шотландия үш ұпай жинаған. Сондықтан Бразилия мен Шотландия арасындағы кездесу плей-офф жолдамаларының тағдырын шешуі мүмкін.

А тобы

25 маусым, 06:00

Чехия – Мексика

Оңтүстік Африка Республикасы – Оңтүстік Корея

Алты ұпай жинаған Мексика құрамасы плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алып қойған. Енді олар топтық кезеңді жүз пайыздық нәтижемен аяқтауға ұмтылады.

Чехия құрамасына келесі кезеңге шығу мүмкіндігін сақтау үшін міндетті түрде жеңіс қажет. Сонымен қатар олар Оңтүстік Африка Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы матчтың нәтижесіне де көз тігеді.

Осылайша, бірнеше топта соңғы турға дейін интрига сақталып, плей-оффқа шығатын командалар дәл осы ойындарда анықталмақ.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.

 

Фото: ©instagram.com/brasil