457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әлем чемпионаты-2026: 1/16 финалдың барлық жұбы анықталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталып, плей-офф кезеңіне шыққан барлық құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды malimsports.kz.

1/16 финалдың жұптары:

Германия – Парагвай

Франция – Швеция

Оңтүстік Африка Республикасы – Канада

Нидерланд – Марокко

Португалия – Хорватия

Испания – Аустрия

АҚШ – Босния және Герцеговина

Бельгия – Сенегал

Бразилия – Жапония

Кот-д’Ивуар – Норвегия

Мексика – Эквадор

Англия – Конго Демократиялық Республикасы

Аргентина – Кабо-Верде

Аустралия – Мысыр

Швейцария – Алжир

Колумбия – Гана

Плей-офф кезеңі 28 маусымда Оңтүстік Африка Республикасы мен Канада құрамалары арасындағы матчпен басталады.

Жалпы 1/16 финалға 32 құрама жолдама алды. Оның ішінде 24 команда өз топтарында алғашқы екі орынға ие болса, сегіз құрама үшінші орын алғандар арасындағы үздік көрсеткіштің арқасында келесі кезеңге өтті.

1/16 финал матчтары 28 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді. 1/8 финал ойындары 4-7 шілдеге, ширек финалдар 9-11 шілдеге, жартылай финалдар 14 және 15 шілдеге жоспарланған.

Үшінші орын үшін матч 18 шілдеде Майамиде өтсе, әлем чемпионатының финалы 19 шілдеде Нью-Йоркте ұйымдастырылады.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионатына тарихта алғаш рет 48 құрама қатысып отыр. Бұл 1998 жылдан бері өткен алдыңғы жеті әлем чемпионатымен салыстырғанда 16 командаға көп.

 

Фото: Carl Recine / Getty Images